Астанада Хусейн бен Талал және Әл-Фараби көшелерінің қиылысы жабылады

Бүгін, 13:28
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада Хусейн бен Талал және Әл-Фараби көшелерінің қиылысы жабылады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада «Қабанбай батыр даңғылынан Хусейн бен Талал көшесіне дейінгі аралықта Тәуелсіздік (Әл-Фараби) даңғылын салу» жобасын іске асыру аясында 5-30 қараша күндері Хусейн бен Талал көшесі мен Әл-Фараби даңғылының қиылысында көлік қозғалысы толығымен жабылады, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Аталған учаскеде жоба аясында жол төсемін салу жұмысын қоса алғанда, құрылыс жұмысы жүргізіледі.

«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысын ұйымдастырудағы уақытша өзгерістерді ескеруі қажет.

Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды барынша азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Астанада жасалған Stadler вагондарына билеттер сатыла бастады.