Елімізде күн күрт суытады – Қазгидромет
29 сәуір, 2025
Pixabay.com
"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағына жаңбыр мен найзағай алып келген циклон ел аумағынан шығады. Оның орнына батыстан антициклон кіріп, алдымен еліміздің батысында, кейін солтүстігі, шығысы мен орталығында жауын-шашынның тоқтауына және ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне алып келеді.
29–30 сәуірде Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай облыстарында, ал 30 сәуір–1 мамыр аралығында Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Ұлытау мен Абай облыстарында түнгі уақытта ауа температурасы нөлден төмен көрсеткіштерге дейін төмендейді.
Ұқсас жаңалықтар
7 тамыз, 2026
Бурабайда «100 Sarbaz» әскери реалити-шоуы басталды
6 тамыз, 2026
Әскери полиция қызметшілері дене даярлығы бойынша сынақтан өтті
6 тамыз, 2026
Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінде 40-қа жуық егіздер қызмет етіп жүр
6 тамыз, 2026
Ерлан Исмағұлов: Ұжымдық шарт – өзара іс-қимылдың құқықтық негізі