Референдум-2026

Дзюдо: Шерзод Давлатов Еуропа кубогының чемпионы атанды

Бүгін, 12:01
Думан Аманжол Думан Аманжол
Дзюдо: Шерзод Давлатов Еуропа кубогының чемпионы атанды
Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет

Қазақстандық дзюдошылар Прагада (Чехия) өтіп жатқан Еуропа кубогында жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Шерзод Давлатов 60 келіге дейінгі салмақтың финалында Франция өкілі Ян Мотоли Бонгамбемен белдесті. Нәтижесінде отандасымыз мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Сондай-ақ дәл осы салмақта Нұраділ Әлжан қола жүлде үшін өткен белдесуде отандасы Сұңғат Нұрлатұлынан басым түсті.

Әйелдер арасында 78 келіден жоғары салмақта Карина Такиева қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алған еді. Дегенмен шешуші кездесуде португалиялық Рошели Нунеске жол берді.

Айта кетейік, Еуропа кубогы 28 маусымда аяқталады.

Еске салсақ, Астанада «ASTANA OPEN 2026» шинкиокушинкай каратэ турнирі басталғанын жаздық.