«Бурабай» ұлттық паркінде заңсыз балық аулаған браконьерлер ұсталды
10 маусым, 2025
Фото: Polisia.kz
Ақмола облысында браконьерлікпен айналысқан үш азамат ұсталып, олардан 178 келі заңсыз ауланған тұқы тәркіленді, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ақмола облысы ПД мәліметінше, рейд барысында «Бурабай» ұлттық паркінің аумағында Жүкей көлінің маңында «ГАЗель» және «Audi 80» көліктері тоқтатылған. Олардың ішіндегі азаматтардың Қарағанды, Түркістан облысы және Шымкент қаласынан келгені анықталды.
«Тексеру кезінде тәртіп сақшылары заңсыз балық аулауға арналған құралдарды – бірнеше тор мен резеңке қайықтарды, сондай-ақ 178 келі тұқы балығын тапты», - делінген хабарламада.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің тиісті бабы бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
3 мамыр, 2026
Теңіз кенішінде істеген 30-ға жуық шетелдік ел аумағынан шығарылды
2 мамыр, 2026
Түркістан облысында көпір бұзылып, демалушылар өзеннің арғы бетінде қалып қойған
2 мамыр, 2026
Алматыда үш жасөспірім түнде таудан түсе алмай қалған
2 мамыр, 2026
Астанада абаттандыру ережелерін бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды