Астанада 18 жастағы тұрғын алғаш рет дауыс берді
15 наурыз, 2026
Фото: Астана қаласы әкімдігі
Астана қаласының тұрғыны, 18 жастағы Әсемай Ринатқызы №380 сайлау учаскесінде алғаш рет дауыс беріп, өзінің азаматтық таңдауын жасады, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жас сайлаушы үшін бұл күн ерекше әрі жауапты сәт болды. Ол ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси науқанға алғаш рет қатысып отырғанын айтып, өз үлесін қосқанына қуанышты екенін жеткізді.
«Бұл – менің алғаш рет дауыс беруім. Еліміздің болашағына бейжай қарамай, өз таңдауымды жасау маңызды деп ойлаймын. Әр азамат өз пікірін білдіріп, ел дамуына үлес қосуы керек», – деді Әсемай.
Жас сайлаушының айтуынша, жастардың белсенділігі қоғамның дамуына оң әсер етеді.
Ұқсас жаңалықтар
3 мамыр, 2026
LRT-ның екінші кезеңі: Қосшы бағытындағы алғашқы баған дайындалды
3 мамыр, 2026
Астанадағы жәрмеңкеде өңірлерден келген 30-ға жуық кәсіпкер өнімін ұсынды
3 мамыр, 2026
Астанада қала сыртындағы айналма жолдың бір бөлігі жабылады
3 мамыр, 2026
Астанада 440-тан астам студент әскери ант қабылдады