Астана-Щучинск жолында жол апатынан бес адам зардап шекті
8 ақпан, 2026
Фото: Ақмола облысы ТЖД
Бүгін автобанның Бұланды ауданы аумағында екі жеңіл автокөлік соқтығысты, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы кезінде көліктерде сегіз адам, оның ішінде үш бала болған.
Оқиға орнына дереу Макинск кентіндегі трассалық медициналық-құтқару пунктінің құтқарушылары жетті.
Олар бес зардап шеккен адамға, оның ішінде екі балаға қажетті медициналық көмек көрсетті. Кейін зардап шеккендерді Бұланды ауданының орталық ауруханасына жеткізді.
Еске салсақ, Ақмола облысының құтқарушылары аударылып қалған жүк көлігінің жүргізушісі Әзербайжан азаматына көмек көрсетті.
Ұқсас жаңалықтар
14 наурыз, 2026
Астанада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам қамалды – ВИДЕО
13 наурыз, 2026
Елімізде жыл басынан бері заңсыз айналымнан 580 қару тәркіленді
12 наурыз, 2026
Астанада көпқабатты үйден өрт шығып, 11 адам эвакуацияланды
12 наурыз, 2026
ШҚО-да жол саласындағы мекемеде жұмыста жоқ адамға жалақы төленіп келген