Алматыдан Чехияға жаңа әуе бағыты ашылады

Алматыдан Чехияға жаңа әуе бағыты ашылады
Фото: Көлік министрлігі

11 шілдеден бастап вьетнамдық «VietJet Air» әуе компаниясы әуе еркіндігінің бесінші дәрежесі құқығын пайдалана отырып, Ханой – Алматы – Прага бағыты бойынша жаңа әуе бағытын ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл рейстер аптасына екі рет «Airbus A330» әуе кемесімен орындалады. Ол Қазақстандағы «ашық аспан» режимі аясында жүзеге асады. Бұл режим халықаралық әуе қатынасын дамытуға және шетелдік әуе тасымалдаушыларды тартуға көбірек мүмкіндік береді.

«Рейстердің қосылуы туристік, іскерлік және гуманитарлық байланыстардың дамуына, сондай-ақ Қазақстанның Вьетнам және Чехиямен ынтымақтастығын нығайтуға ықпал етеді. Сонымен қатар, бұл бағыт Қазақстанның Азия мен Еуропа арасындағы маңызды транзиттік ел ретіндегі рөлін күшейтіп, халықаралық әуе маршруттары желісінің одан әрі дамуына ықпал етеді», делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, Астанадан Гуанчжоуға тікелей әуе рейсі ашылатынын хабарладық.