Алматыда үш жасөспірім түнде таудан түсе алмай қалған
Алматыда түнде тауда қалып қойған үш жасөспірім құтқарылды. Оларды құтқарушылар «Алатас сарқырамасынан» 500 метр жоғары тұстан тапты, деп хабарлайды Elordainfo.kz ТЖМ-ға сілтеме жасап.
Медеу ауданында, «Денсаулық баспалдағы» маңында өз бетінше таудан түсе алмай қалған 15 жастағы үш жасөспірім құтқарушылардан көмек сұрады.
Республикалық жедел-құтқару жасағы «Барыс» құтқарушылары Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметінің құтқарушыларымен бірлесіп, көрсетілген ауданға дереу аттанды. Қараңғы уақытта таулы аймақпен жүріп отырып, олар жасөспірімдерге жедел жетті.
Оқиға орнына келгеннен кейін жасөспірімдердің медициналық көмекке мұқтаж еместігі анықталды. Құтқарушылар олардың таудан қауіпсіз түсуін қамтамасыз етті. Жасөспірімдер ата-аналарына тапсырылды.
Еске сала кетсек, Астана маңында өрт кезінде құтқарушылар шұңқырға құлап кеткен құлынды аман алып қалды.