Алматы облысында жол апатынан 6 адам қайтыс болды
25 қараша, 2025
freepik.com
Алматы-Бішкек тасжолында жол апатынан 6 адам көз жұмды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Алматы-Бішкек автожолының 65-шақырымында болған.
Алдын ала деректер бойынша, 23 жастағы Audi көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, Toyota маркалы автомобильмен соқтығысқан. Екі жүргізуші және үш жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
«Тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің барлық көмегіне қарамастан, медициналық мекемеде қайтыс болды. Бұдан бөлек, бес жолаушы әртүрлі жарақат алып, дәрігерлердің бақылауында», - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Бұдан бұрын жол апатынан аман қалған жүргізуші үндеу жасаған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
14 наурыз, 2026
Астанада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам қамалды – ВИДЕО
13 наурыз, 2026
Елімізде жыл басынан бері заңсыз айналымнан 580 қару тәркіленді
12 наурыз, 2026
Астанада көпқабатты үйден өрт шығып, 11 адам эвакуацияланды
12 наурыз, 2026
ШҚО-да жол саласындағы мекемеде жұмыста жоқ адамға жалақы төленіп келген