Шығыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары мен берілген лицензиялардың шарттарын бұзу фактілеріне байланысты кен іздеуге берілген 29 лицензияның күші жойылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.
Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы жер қойнауын пайдалану саласындағы Қазақстан заңнамасының талаптарын сақтауына бақылау жүргізеді. Бақылау іс-шаралары шеңберінде жер қойнауын пайдалану учаскелеріне барып тексеру жүргізіледі. Тексеру барысында кен іздеушілік қызметті жүзеге асыру кезінде белгіленген талаптардың сақталуы қаралады. Тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарға жол берген жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты тиісті шаралар қабылданады.
Еске салсақ, елімізде жерасты суының 5 мыңға жуық орны барланды.