Азаматтардың зейнетақы жинақтарына мемлекет кепілдік береді – Еңбек министрі

Бүгін, 17:37
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Азаматтардың зейнетақы жинақтарына мемлекет кепілдік береді – Еңбек министрі
Фото: Magnific.соm

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевтың айтуынша, бұл норма Әлеуметтік кодекстің тиісті бабында тікелей бекітілген. Енгізілген өзгерістер тек инвестициялық табысқа қатысты, деп хабарлайды Elordainfo.kz ОКҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Қазіргі уақытта салымшы зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін жеке басқарушы компанияларға да инвестициялауға бере алады. Осыған байланысты енді өтемақы республикалық бюджеттен төленбейді. Азамат зейнетақы жинақтарын қай жеке компанияға сеніп тапсыратынын және қандай инвестициялық табыс алуға болатынын өзі таңдайды. Бұл мәселелер жеке басқарушы компаниялармен немесе Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен (БЖЗҚ) талқыланады», – деп түсіндірді министр.

Еске салайық, бұған дейін министрлік 2027 жылдан бастап зейнетақы жүйесінде не өзгеретінін түсіндіріп берген болатын.