Өскемен қаласы Малдыбаев көшесінде конденсатор зауытының аумағында өрт шықты, деп хабарлайды Elordainfo.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде екі қабатты қойма ғимаратының шатыры жанып жатқаны анықталды.
Өрт сөндірушілердің едел әрі үйлесімді әрекеттердің арқасында өрт 720 шаршы метр аумақта сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Еске салайық, бұған дейін Астанада көпқабатты тұрғын үйден шыққан өрт сөндірілгені туралы жаздық.