Елордалық спортшылар Азия чемпионатында 5 медаль жеңіп алды

26 мамыр, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Елордалық спортшылар Азия чемпионатында 5 медаль жеңіп алды
Фото: Астана қаласы әкімдігінен

Өзбекстан астанасы – Ташкент қаласында паракаратэден IV Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Дүбірлі додада 8 мемлекеттен барған 36-дан астам спортшы бақ сынасты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Аталған чемпионатта ел намысын қорғаған астаналық спортшылар «ката» бағдарламасы бойынша сәтті өнер көрсетіп, Қазақстан құрамасының қоржынына 5 медаль салды.

Оның ішінде 1 алтын, 1 күміс және 3 қола жүлде бар.

«Жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Әр елден келген қарсыластар мықты дайындықпен келген. Бірақ біз де соңғы бірнеше ай бойы осы додаға тыңғылықты жаттықтық. Бұл жеңіс – бапкерлер еңбегінің және ұжымдық қолдаудың нәтижесі. Бұл медаль – елім үшін!» – деді Азия чемпионатының алтын жүлдегері Ләззат Жүсіпова.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі:

1-орын – Ләззат Жүсіпова;

2-орын – Нұржайна Жаннетова;

3-орын – Дидар Мұхамеджанов;

3-орын – Әзиза Ибрайымова;

3-орын – Ерлан Нұрмағамбетов.