Астаналық мектепте адамға ұқсас робот құрастырып шығарылды (ВИДЕО)

Бүгін, 13:27
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views43
Астаналық мектепте адамға ұқсас робот құрастырып шығарылды (ВИДЕО)
Фото: Астана қаласы Білім басқармасынан

Астанадағы №109 келешек мектептің ұстаздары мен оқушылары бірлесіп, білім мен технологияны ұштастырудың жарқын үлгісін көрсетті. Олар адамға ұқсас робот жасап шықты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жаңашыл жоба авторлары «Одиссей» деп атаған робот қазіргі уақытта бірнеше ерекше мүмкіндіктерге ие. Ол кез келген сұраққа жауап бере алады, адамға қарап, қолын көтере алады және сыныптағы оқушыларды санай алады.

«Бұл робот біраз адамдарды таң қалдырады деп сенеміз. Балаларымыздың қызығушылығы мен ынтасы бізге үлкен күш береді», – дейді жоба жетекшісі, информатика пәнінің мұғалімі Дастан Дүйсенұлы.

Роботтың «Одиссей» деп аталуы да кездейсоқ емес. Ежелгі грек мифологиясында Одиссей – даналығы мен білімділігімен танылған кейіпкер. Сондықтан оқушылар білімге қатысты алғашқы қадамдарының белгісі ретінде осылай атауды жөн көрген.