Елордалық полицейлер жүкті әйелді перзентханаға жедел жеткізді (ВИДЕО)

Бүгін, 13:25
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Елордалық полицейлер жүкті әйелді перзентханаға жедел жеткізді (ВИДЕО)
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Әлиасқар Әшім мен Есет Бүзекеев «Арқар» көпірінде жылдамдықты асырған көлікті тоқтатты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Белгілі болғандай, көліктің тізгінінде отырған ер адам жүкті әйелін перзентханаға жеткізуге асыққан. Жағдайдың маңыздылығын бірден түсінген полиция қызметкерлері әйелді өздерінің қызметтік көлігіне отырғызып, оны санаулы минут ішінде ауруханаға жеткізді. Ауруханаға жеткеннен кейін 10 минуттан соң дүниеге ұл бала келді.

Отбасы өздерінің қызметтік міндетін ғана емес, ең маңызды сәтте адамгершілік пен жанашырлық танытқан полиция қызметкерлеріне шын жүректен алғыс білдірді.

«Мұнда әрбір минут маңызды екенін түсіндік. Мұндай сәтте жай бақылаушы болып қалу мүмкін емес. Біз кез келген форма киген адамның жасайтын ісін жасадық», - деді полиция қызметкерлерінің бірі.