00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада 12 мотоцикл жүргізушісі ұсталды

11 шілде, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада 12 мотоцикл жүргізушісі ұсталды
Фото: polisia.kz

Астаналық полицейлер рейдтік іс-шаралар барысында екі түнде жол қозғалысы ережелерін бұзған 12 мотоцикл жүргізушісін ұстады, деп хабарлады Elorda.info polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның ішінде 8 байкер, тиісті санаттағы басқару құқығынсыз және құжаттарсыз басқарған. Олардан Кавасаки ZX 9R, Enduro B7, Racer, Минск, SUZUKU S1B мотоциклдері алынып коммуналдық тұраққа орналастырылды. 

Мотоцикл жүргізушілеріне 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. 

Сондай-ақ Harley-Davidson мотоциклінің 22 жастағы жүргізушісіне қатысты міндетті сақтандыру полисінсіз басқарғаны үшін ӘҚБтК-нің 612-бабы 2-бөлігі әкімшілік хаттама жазылып, оның мотоциклі коммуналдық тұраққа қойылды. Сонымен қатар, Yamaha және Кавасаки ZX 9R мотоциклдерінің нөмірі, стандартты бұзғаны анықталды. Оның иелері ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Астанада жаз мезгілі басталғалы 104 мотоцикл жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.