00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жауын кезінде тиісті іс-шаралар жүргізбеген компания басшысы жұмыстан босатылды

Жауын кезінде тиісті іс-шаралар жүргізбеген компания басшысы жұмыстан босатылды
фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада 6 тамыз күні нөсерлі жауын кезінде кәріз жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуі және салдарынан кейбір учаскелерді су басқаны үшін «Elorda eco system» директоры Тимур Шоданов қызметінен босатылды, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. 

 

Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы мен «Elorda eco system» компаниясына жер үсті ағын суын бұруды қамтамасыз ету үшін тиісті іс-шаралар жүргізу міндеті қойылды. Оның ішінде коллекторлар мен жаңбыр суын қабылдағыштарды тазарту, құбырларды булау, нөсерлі кәріз желісінің қуатын ұлғайту және т.б. жұмыстар кіреді, - делінген әкімдік ақпаратында.

Биыл жер үсті ағын суын бұру үшін 2,5 км магистральдық нөсер кәріз желісін салу жоспарланып отыр. Мәселен осыған дейін 200-ден астам проблемалы учаскеде су тасқыны мәселесі шешілген болатын.