«Жақсылық шыршасы»: Елорданың кішкентай тұрғындары бағалы сыйлықтарға ие болды
Биыл «Тілектер шыршасы» акциясының аясында еліміздің түпкір-түпкірінен Қазақстан Президентінің атына өте көп хаттар келіп түсті, деп хабарлады Elorda.info Астана қаласы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Акцияның негізгі мақсаты- балаларды қолдап, оларға қуаныш сыйлау.
Астанада осы іс-шара шеңберінде «Жақсылық шыршасы» қайырымдылық акциясы дәстүрлі түрде өткізіледі. Қазақстан Президентінің атынан балаларға берілген сыйлықтарды Астана қалалық білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев пен қалалық ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов табыстады.
Осылайша бүгін елорданың бес кішкентай тұрғынының арманы орындалды. Бұл балалар аз қамтылған және өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылардан шыққан, ата-ана қамқорлығынсыз қалған, сонымен қатар ерекше және онкологиялық дертке шалдыққан балалар. Балаларға велосипед, "Алиса" ақылды колонкасы, веложол, маникюр жиынтығы, спорттық костюм, парта мен орындық сыйға берілді.
Президент сыйлығына зор алғысымды білдіргім келеді. Барлық баланың асыл арманы орындалсын!, - дейді Мемлекет басшысынан сыйлық алған, 15 жастағы иегері Милана Панькова.
Астанадағы қайырымдылық акциясына мемлекеттік органдардың қызметкерлері, елорда мәслихатының депутаттары, белгілі спортшылар, мәдениет пен өнер қайраткерлері қатысып, балаларды сыйлықтарымен қуантты.