«Заң және тәртіп»: елордадағы сауда орнында тыйым салынған өнімдер тәркіленді

Астанада «Заң және тәртіп» қағидаты аясында «Алматы» аудандық полиция басқармасы мен аудан әкімдігі қызметкерлерінің қатысуымен мониторингтік топ рейдтік іс-шаралар өткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Рейд барысында ауданның екі дүкенінде насыбай мен снюс өнімдерінің сатылып жатқаны анықталды. Сатушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес шара қолданылып, жалпы саны 10 дана тыйым салынған өнім (насыбай және снюс) тәркіленді.
«Аталған шаралар «Заң және тәртіп» қағидаларына сәйкес тұрақты түрде жалғасатын болады. Бұл жұмыстар қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, азаматтардың денсаулығын қорғауда және жастарды салауатты өмір салтына тәрбиелеуде маңызды қадам болып табылады», - деп атап өтті «Алматы» ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі басшысы Айбын Айдынұлы.



