00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Заңсыз крипто айырбастауды ұйымдастырған елорда тұрғыны ұсталды

25 желтоқсан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Заңсыз крипто айырбастауды ұйымдастырған елорда тұрғыны ұсталды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Елорда тұрғыны Telegram мессенджерінде цифрлық активтерді заңсыз ақшалай сыйақыға айырбастау қызметін ұйымдастырған, деп хабарлады Elorda.info қаржы мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

ҚМА астаналық департаменті аса ірі көлемдегі цифрлық активтерді айырбастау саласындағы заңсыз кәсіпкерлік қызметке қатысты қылмыстық істі аяқтады.

Аталған азаматтың Қазақстан аумағында кепілдендірілген цифрлық активтерді сату/сатып алу туралы мессенджер арқылы хабарландыру жіберіп, крипто айырбастау қызметін ұсынғаны анықталды.

Осы әрекеттерімен ол жеке тұлғаларға, оның ішінде резидент еместерге Қазақстандағы кез келген қамтамасыз етілген еркін айырбасталатын валютаға қамтамасыз етілмеген электрондық цифрлық активтерді сатып алу мүмкіндігін ұсынды, - деді ведомствоның баспасөз қызметі. 

Биыл ақпан-шілде айлары аралығында айырбастау пункт қызметін атқара отырып, ол 342 млн теңгеден астам сомаға USDT криптовалютасын қолма-қол ақшаға сатқан.

ҚР ҚПК  201-бабының талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.

Айта кетейік,  Қазақстан аумағында заңды тұлға ретінде тіркелмей және лицензиясыз айырбастау операцияларын жүзеге асыруға тыйым салынған.