«Whatsapp» топтарға хат жіберген: Астаналық 2,6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды


Астана азаматы «Whatsapp» топтарға жаппай тәртіпсіздікке шақыру туралы хат жібергені үшін 2,6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Астана қаласының прокуратурасы хабарлап отырғандай, ол жүк көлігінің артық салмағына қатысты заң талабымен келіспеген.
Сотталған азамат қандай мәтінде хат жазған
Прокуратураның мәліметіне сүйенсек, ол «Whatsapp» тобына билікке бағынбау, қару қолдану туралы ақпарат жазған.
«Ол билік өкілдеріне мүлде бағынбауға және қару қолдану арқылы жаппай тәртiпсiздiкке қатысуға шақырған», - деп хабарлайды прокуратура.
Сот қандай жаза қолданды
«Сот жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, оған пробациялық бақылау белгілеп, 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеді», - деп хабарлайды прокуратура.
Билік өкілдеріне бағынбау қандай жаза көздейді
Қазақстанда билік өкiлдерiнiң заңды талаптарына белсенді бағынбай, жаппай тәртiпсiздiкке шақырған, не жаппай тәртіпсіздікке арандатқан адам 7 жылға сотталуы мүмкін.