08.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 1600 волонтер тартылды

|
Photo: Фото: Facebook/Ерлан Каналимов
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 1600 волонтер тартылды

|
Photo: Фото: Facebook/Ерлан Каналимов

Бұл жөнінде Астана қаласы мәслихаты төрағасы Ерлан Каналимов өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz. 

«V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 1600 волонтер тартылды,  олардың 20-сы - Қырғызстаннан, Ресейден, АҚШ-тан, Иорданиядан және Франциядан келген жастар. Сонымен қатар, 60 жастан асқан 30-ға жуық ер және әйел адамдар ерікті көмек көрсетуге ниет білдірді, олардың үшеуі – Ресей азаматтары. Барлық волонтерлер үлкен жұмыс атқарып, осы сәтті пайдалана отырып, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының сәтті өтуіне қосқан баға жетпес үлестеріңіз үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. 

Сіздердің ерікті қолдауларыңыз бен жұмсаған күш-жігерлеріңіз көшпенділер мәдениетінің жанкүйерлері үшін бұл спорттық мерекені жағымды және есте қаларлықтай етуге маңызды рөл атқарды. Барлығыңызға шын жүректен оқуда және жұмыста табыс, отбасылық бақыт және мықты денсаулық, барлық бастамаларыңызда сәттілік тілеймін. Волонтерлер штабының жетекшісі, Қазақстан Жастар конгресінің атқарушы директоры Бақдәулет Жанділдаевқа және Астана қаласы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Самат Ибраевқа ерекше алғысымды білдіремін» , - деді Е.Каналимов. 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗