Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының VIII Консультативтік кездесуі қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылданды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жоғары деңгейдегі кездесу Түрікменстандағы «Аваза» кешенінде өтті.
Саммит барысында өңір елдері арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, көлік-логистика байланыстарын дамыту, трансшекаралық су ресурстарын тиімді пайдалану, қауіпсіздік және мәдени-гуманитарлық ықпалдастық мәселелері талқыланды.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзара сауда көлемін ұлғайту, жасанды интеллект саласында өңірлік серіктестік құру, су ресурстарын бірлесіп басқару және жастардың волонтерлік қозғалысын дамыту жөнінде бірқатар ұсыныс айтты.
Кездесу қорытындысында мемлекеттер басшылары Бірлескен мәлімдеме қабылдады.




