ТМД елдерінде іздеуде болған 4 күдікті елордада ұсталды
Астана қаласының аумағында «Іздестіру» операциясы өтіп жатыр. Шараның бірінші күні елордалық полиция қызметкерлері 8 қылмыскерді ұстады, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қолға түскендердің төртеуіне ТМД елдерінде іздеу жарияланған. Сондай-ақ, хабар-ошарсыз кеткен бір адамның орналасқан жері белгілі болды, сонымен қатар танылмаған бір мәйіттің жеке басы анықталды.
ТМД елдеріндегі әріптестермен оң өзара іс-қимыл нәтижесінде Ресей ІІМ қызметкерлері 2015 жылдан бастап алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерді Новосибирск қаласына ұстап берді.
Ұсталған адам елордада болған кезде алдын-ала келісім бойынша АҚШ пен Еуропадан автокөліктерді төмен бағамен жеткізу туралы жалған хабарландыру беріп, азаматтардан 40 млн теңгеден астам ақша жинап алған. Бұл факті бойынша Минск Конвенциясына сәйкес қылмыстық істі қайта тапсыру туралы мәселе қарастырылып жатыр.