Тазабек астаналық жанкүйерлердің жүрегін тағы да жаулап алды

4 қыркүйек, 2025
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
views74
Тазабек астаналық жанкүйерлердің жүрегін тағы да жаулап алды
Фото: Астана әкімдігі

Бүгін, 4 қыркүйек күні елордадағы «Астана Арена» стадионында футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Уэльс құрамаларының кездесуі өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана әкімдігіне сілтеме жасап.


Стадионға ұлттық құрамаға қолдау көрсету үшін 30 мыңнан астам жанкүйер жиналып, алғашқы минуттардан-ақ ерекше атмосфера қалыптастырды. Олардың арасында астаналықтардың көзайымына айналған алып қуыршақ Тазабек те болды. Оның келгенін көпшілік бірден байқап, жанкүйерлер ұлттық құраманы бірге қолдады. Жанкүйерлер Тазабекті елорданың символдарының бірі деп атады.


Стадиондағы көңілкүй ерекше энергияға толы болды: жанкүйерлер Қазақстан құрамасына бар ықыласымен қолдау көрсетіп, матчты нағыз футбол мерекесіне айналдырды.