Сығанақ көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады
10 шілде, 2023
Елорда ақпарат
Фото: Сұлтан Сеитов
Елордадағы Сығанақ көшесінің учаскесі бір айдан астам уақытқа жабылады, деп хабарлайды Elorda.info."
LRT желісі құрылысының аумағын дайындау аясында Сығанақ көшесінің бойындағы министрліктер Үйі мен "Қазақстан" ОКЗ аудандарында инженерлік желілерді қайта құру жұмыстары жүргізілуде", - деп хабарлады елордалық CTS компаниясы.
Осыған байланысты 2023 жылғы 10 шілдеден 15 тамызға дейін Есіл өзені арқылы өтетін көпір ауданындағы Сығанақ көшесінен "Қазақстан" ОКЗ және Министрліктер үйіне қарай автокөлік қозғалысына ішінара шектеу енгізіледі.
Ұқсас жаңалықтар