Суға батқан баланы құтқарған мұғалім ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды
31 шілде, 2023
Елорда ақпарат
Фото: akorda.kz
Президент қаза тапқан мұғалім Александр Руденконы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапаттады, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Астана қаласының № 32 мектеп-гимназиясының алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Александр Иванович Руденконы (марқұм) адам өмірін құтқаруға байланысты төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.
Айта кетейік Александр Руденко 2023 жылдың 12 шілдесінде Шортанды көлінде суға батып бара жатқан баланы құтқарып, қаза тапты.
Ұқсас жаңалықтар
12 қараша, 2024
Елордада қандай қоғамдық кеңістіктер абаттандырылады
12 қараша, 2024
Астанада тұтынушылардың құқықтарын қорғайтын қоғамдық бірлестік басшылары кәсіпкерлерді бопсалаған
12 қараша, 2024
Елордада 25 жұмысшы мамандық арасында көшбасшылар анықталды
12 қараша, 2024
Астаналық оқушылар құрақтан Сәкен Сейфуллиннің портретін жасады