Серік Жұманғарин Премьер-Министрдің орынбасары болып тағайындалды
2 қыркүйек, 2023
Елорда ақпарат
Фото: akorda.kz
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің жаңа орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады Еlorda.info Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, - жазылды Ақорданың ресми сайтында.
Бұдан бұрын ол ҚР Сауда және интеграция министрі лауазымын атқарды.
Ұқсас жаңалықтар