00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Сенаторлар елордадағы әскери бөлімнің жағдайымен танысты

Сенаторлар елордадағы әскери бөлімнің жағдайымен танысты
Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Асқар Шәкіров бастаған Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары Ұлттық ұланның елордадағы 5573 әскери бөлімінде болды, деп хабарлады Elorda.info.

Іс-шараның негізгі мақсаты Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің жауынгерлік даярлық деңгейімен, сондай-ақ әскери бөлімнің материалдық-техникалық жарақтандыру жағдайымен танысу болды.

Жиын барысында сенаторларға бригаданың қызметтік-жауынгерлік қызметінің мақсаты мен әскери бөлімнің атқаратын міндеттері туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ, депутаттарға тұрмыстық жағдай, қоғамдық тәртіпті қорғаудағы әскери қызметке дайындық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және қызметтік иттерді пайдалану тәртібі көрсетілді.

Жиын барысында көтерілген мәселелердің барлығы сенаторлардың назарында болады, сондай-ақ депутаттардың одан әрі заң шығару қызметінде пайдаланылады.