Сенатор елордадағы «iKOMEK 109» орталығының жұмысымен танысты

Бүгін, 10:48
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Сенатор елордадағы «iKOMEK 109» орталығының жұмысымен танысты
Фото: parlam.kz

Парламент Сенатының депутаты Андрей Лукин «iKOMEK 109» – «Астана қаласы әкімдігінің Қалалық мониторинг және әрекет ету орталығында» болды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Сенатор орталықтың қазіргі қызметімен, цифрлық сервистердің міндетімен, азаматтардың өтініштерін өңдеу, елорданың шұғыл және коммуналдық қызметтерімен өзара іс-қимыл тетігімен танысты.

Кездесу аясында үдерістердің ашықтығы, операторлар жұмысының тиімділігі және қала тұрғындарының сұраныстарына жауап беру жылдамдығын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Орталық өкілдері 2025 жылы келіп түскен өтініштер туралы деректерді хабардар етті және цифрлық тұғырнаманы одан әрі дамыту жоспары туралы айтты.

«iKOMEK 109» – бұл жай ғана колл-орталық емес, Астана тұрғындары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары арасындағы жедел және өзара сапалы іс-қимылды қамтамасыз ететін толыққанды кері байланыс тұғырнамасы. Тек 2025 жылғы есепті кезеңде 90%-дан астам өтініш мерзімінде қаралды. Азаматтардың қанағаттану деңгейі тұрақты түрде өсіп келеді. Мұндай тәсіл еліміздің басқа өңірлерінде де енгізілуі тиіс», - деді Андрей Лукин.

Сенатор сонымен қатар «Нұра» және «Есіл» астаналық аудандарының басшылығымен және активімен кездесулер өткізді. Оның барысында аумақтарды дамыту, абаттандыру, әлеуметтік инфрақұрылым және халықпен өзара іс-қимылдағы басымдыққа ие мәселелер талқыланды. іKOMEK жүйесі арқылы келіп түскен өтініштерді талдау және аудандық деңгейде шешімдер іздестіруге ерекше назар аударылды.