00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйге құжат қабылдау қашан басталады

Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйге құжат қабылдау қашан басталады
Фото: gov.kz

Елордада сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйге құжат қабылдау 28 тамыз күні басталады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Астана қаласының Тұрғын үй орталығы «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ желісі бойынша «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы бойынша қатысуға өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы мәлімдеді.

Өтінімдерді қабылдау birge.astana.kz порталы арқылы электрондық түрде жүзеге асырылады. Өтінімдерді қабылдау күні: 2024 жылғы 28 тамыздан  бастап 2024 жылғы (09:00-ден 3 қыркүйекке дейін 23:59. (қоса алғанда).

«Маңызды! Бұл бағдарламаға «Мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және мемлекеттік сайланбалы лауазымдарды атқаратын адамдар» санаты бойынша Астана қаласында тұрғын үйге кезекте тұрған азаматтар ғана қатыса алады» - деп жазылған хабарламада.