Сүйінші: Қазақстан Азия чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды

5 шілде, 2025
Гүлден Мәдениет Гүлден Мәдениет
views221
Сүйінші: Қазақстан Азия чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды
Ауыр атлетика федерациясы

Астанада ауыр атлетикадан жасөспірімдер, жастар және қыздар арасындағы Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Чемпионатқа қатысқан Қазақстан құрамасы алғашқы медалін жеңіп алды. Жүлдегер - Снежана Кашкарова.

Спортшы 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде (А тобы) бақ сынап, жұлқа көтеруде 69 келіні бағындырып, қола жүлдеге ие болды.  Серпе көтеруде ол 82 келіні еңсерді.

Чемпионат Qazaqstan спорт кешенінде өтіп жатыр.  Сайыс 4–10 шілде аралығына жоспарланған.