00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Сәл күту қажет». Ауруханада негізсіз шу шығарған әйелге мекеме әкімшілігі жауап берді

18 қаңтар, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Сәл күту қажет». Ауруханада негізсіз шу шығарған әйелге мекеме әкімшілігі жауап берді
фото: Оңалхан Өнерхан

Елордада ауруханада негізсіз шу шығарған әйелге мекеме әкімшілігі жауап берді, деп хабарлады Elorda.info.

Видео авторы «үндемейтіндер осындай палатаға жатады, ал мен шу шығарған соң басқа палатаға ауыстырды» деп көрсеткен. 

Аурухана басшылығы хаттамаға сәйкес жаңадан түскен пациенттер емделіп жатқан балалар жатқан палатаға бірден жатқызылмайтынын айтқан.

«Эпидемиологиялық ахуал кезінде, қызылша ауруының өршіп тұрған сәтінде аурухана лық толы болды. Төсек-орынға жүктеме артты. Бокстарға балаларды жатқызу мен емдеу тиісті хаттамаға сәйкес жүргізіледі. Әрбір бөлімше белгілі бір сырқатты емдеуге бейімделген. Денсаулығы жақсарып, емделіп келе жатқан бала инфекцияны қайта жұқтырмас үшін оның қасына жаңадан түскен пациентті бірден жатқызбайды. Бұл тұрғыдан сәл күту қажет. Бұндай шаралар тек бала денсаулығы мен игілігі үшін жасалып жатыр», - деп мәлімдеді №3 балалар ауруханасының әкімшілігі.

Желі қолданушылары да шағымданушыны айыптап, алдымен баланың денсаулығын ойлау қажеттігін айтқан. 

«Бүгін түскен баладан жазылып келе жатқан балаға инфекция жұқпас үшін оны бөлек жатқызады», «Курортқа келдіңіз бе? Ең бастысы баланың емі болуы керек», «Палаталар балалардың диагнозына қарай бөлінеді. Ол палаталар текке тұрған жоқ, белгілі бір инфекциялық ауру түрімен ауырып келетін балаларға ұстайды», - деген пікірлер қалдырған.