00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Президент ҰҚК төрағасын қабылдады

28 тамыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Президент ҰҚК төрағасын қабылдады
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Ермек Сағымбаев:

▪️ведомствоның биылғы үшінші тоқсанның басынан бері атқарған жұмыстарының негізгі нәтижесі мен бұған дейін берілген тапсырмаларының орындалу барысы және алдағы кезеңге арналған жоспары туралы мәлімет берді.

▪️Қазақстан аумағында лаңкестік әрекет жасауды жоспарлаған радикалды топтың құрықталғаны туралы баяндады.

  Атап айтқанда:

       – террористік қылмыстар бойынша 7 сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, 3 экстремист сотталған;

       – терроризмге қарсы іс-қимыл шараларын жетілдіру мақсатында ҰҚК Терроризмге қарсы орталығы 103 оқу-жаттығу жиынын ұйымдастырған;

▪️криминогендік ахуалды жақсарту жұмыстарының нәтижелері туралы баяндады.

  Атап айтқанда:

      – қоғамға қауіп төндірген 5 қылмыстық топ әрекетінің жолы кесілді;

       – заңсыз қару айналымына қатысы бар 2 арна жойылған. Ұлттық қауіпсіздік органдары полициямен бірлесіп, қару жасырылған 12 орынды анықтаған. Жалпы саны 59 қару, 3 граната және 3 339 оқ-дәрі тәркіленген;

       – есірткіге қарсы күрес барысында 7 зертхана, 8 халықаралық және аймақтық есірткі тасымалының жолы кесілген;

       – 660 келіден астам есірткі және 17 тоннадан аса прекурсор тәркіленген;

       – мемлекеттік шекараны қорғау және заңсыз көші-қонмен күрес саласында 4257 құқық бұзушы ұсталған;

       – құны 3,8 миллиард теңгеден асатын валюта мен тауарлардың заңсыз тасымалдануына жол берілмеген;

       – қару, оқ-дәрі және есірткі алып өтуге қатысты 120 әрекетке тосқауыл қойылған;

       – ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында еліміздің аса маңызды инфрақұрылым нысандарына жасалған 36 миллионнан астам кибершабуыл мен 866 DDoS-шабуыл тойтарылған.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қауіпсіздік органдарының жұмыс бағыттары бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.