00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының мамандары бас қосты

Елордада мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының мамандары бас қосты
Фото: Василий Крась

Бүгін Астанада «Заманауи балабақша: теориядан іс-әрекетке» атты республикалық форум өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Шараны Астана қаласының Білім басқармасы мен республикалқ Әдістемелік орталық ұйымдастырды.  

Еліміздің барлық аймағынан делегат келген форумға, Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері. Астана қаласы Білім басқармасының басшылары, «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қоры қызметкерлері, инклюзивті білім беру мамандары, елордалық мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары қатысты.

Мұнда республиканың түкпір-түкпірінен келген қатысушылар бір-бірімен тәжірибе алмасады. Бүгінгі таңда Астанада 500-ден астам мектепке дейінгі білім беру ұйымдары жұмыс істейді. Олардың ішінде мемлекеттік және жекеменшік балабақшалар бар. Биыл 10 мыңнан астам орынды жекеменшік балабақщаларға мемлекеттік тапсырыс ретінде орналастырдық. Балабақшадағы орын тапшылығын жою мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. 60 шақты балабақшаның құрылысы жоспарланып отыр. Бұл жұмыстар әкімдік пен Білім басқармасы және өзге де құзыретті органдармен бірлесіп шешіледі деп сенемін, - деді қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Серік Әділбаев.

Форум барысында мектепке дейінгі білім берудің заманауи жүйесіндегі даму процесі, проблемалар мен инновациялар талқыланды. Педагогтердің үздіксіз кәсіби даму мәселелері айтылды. Атап айтсақ, Table-Talks пікірталас алаңында шеберлік сыныптары көрсетіліп, практикалық дағдылар ұсынылды. Сонымен қоса, аймақтардан келген қонақтарға елордалық үздік мектепке дейінгі ұйымдардың іс-тәжірибесі таныстырылды.

Республикалық форумда Оқу-ағарту министрлігі Балаларды ерте дамыту институтының басшысы Гүлшат Онланбекқызы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласын арттыру», ал отбасылық психолог Ержан Мырзабаев «Балабақша – ата-ана серіктестігін орнатудың тиімді жолдары» тақырыбында баяндама жасап, өз ойларын ортаға салды.

Айта кетейік, елімізде 11 мыңнан астам мектепке дейінгі білім беру ұйымдары бар. Онда 2,5 миллионнан астам бала тәрбиеленіп жатыр.