Парасатты қоғамға сенімді қадам

10 желтоқсан, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Парасатты қоғамға сенімді қадам
Фотоколлаж: Elordainfo.kz

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық қоғамның іргетасын бұзады, экономика мен әлеуметтік маңызды саланың дамуына қауіп төндіреді, мемлекеттік органдарға деген сенімнің төмендеуіне ықпал етіп, қоғамның адамгершілігін бұзары анық.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Бүкіл қоғамды жемқорлықпен күресуге жұмылдыру қажет. «Жемқорлық – індет, онымен күресу – міндет» қағидатын баршаның санасына сіңіру бүкіл мемлекеттік органның ортақ жұмысы болуға тиіс», - деп атап көрсетті.

Осы орайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі басымдықтарына сыбайлас жемқорлық жүйелі фактілеріне жол бермеу, бюджет қаражаттарының мақсатты жұмсалуын қадағалау, бизнесті қорғау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мен жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған шараларды қабылдау айқындалды.

Қала әкімдігі Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Астана қаласы бойынша департаментімен, үкіметтік емес ұйымдармен, бұқара­лық ақ­парат құралдарымен, қоғам белсен­ді­ле­рімен бірлесіп, мемлекеттік аппараттың халықпен сындарлы диалогының моделін құрғанын атап өткім келеді.

Астана қаласында сыбайлас жемқор­лық­қа қарсы іс-қимыл жұмыстары Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясынан басталып, Қазақ­стан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырым­да­масы шеңберінде жалғасуда.

2024 жылы қалалық басқармалар мен квазимемлекеттік сектор кәсіпорындарының қызметінде анықталған тәуекелдерді жою жоспарларын әзірлей отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді. Тәуекелдерді басқару бойынша ұсынымдар әзірленіп, анықталған тәуекелдерді жою жоспары әзірленді. Бүгінгі күні барлық ұсыныстар орындалуда.

Әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің 110 қызметкері Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқудан өтті.

Қаланың квазимемлекеттік секторының екі объектісі  ISO 37001 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесі» халықаралық стандартына сәйкестігін растады («Астана бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалау институты», «Астана орманы», «Астана-энергия», «№ 1 Автобус паркі» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері).

Қаланың барлық квазимемлекеттік сектор объектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарлары, ұйымдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты, ұйымдардағы мүдделер қақтығысын анықтау және реттеу саясаты, ұйымдардың қызметкерлері үшін олардың қызметінің ерекшелігін ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаулықтар әзірленді және бекітілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс шеңберінде квазимемлекеттік секторда оң кейстер қалыптастырылды.

Бұдан бөлек, Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозициямен ақпараттық жұмыс жүргізу жөнінде Астана қаласы бойынша іс-шаралар жоспарын орындау үшін 8,8 мың адамды қамти отырып, әртүрлі форматтағы 124 іс-шара өткізілді.

Сонымен қатар, Астана қаласы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырыстарында мемлекеттік органдарға сыбайлас жемқорлық көріністеріне «нөл төзімділік» қағидаты мен парасаттылық негіздерін қалыптастыру бойынша ұжымдарда алдын алу іс-шараларын тұрақты негізде жүргізу тапсырылды.

Барлық 164 мемлекеттік қызмет электрондық форматқа ауыстырылды, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айтарлықтай төмендетеді.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде елорданың барлық аудандық әкімдіктері фронт-офис форматына көшті және ашық әкімдік режимінде жұмыс істеуде.

Қорытындылай келе, азаматтардың, бизнес-қоғамдастықтың және мемлекеттік аппараттың күш-жігерін біріктіру арқылы біз өміріміздің кез келген саласында сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресе алатынымызды және парасатты қоғамға сенімді қадам жасайтынымызды атап өткім келеді.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда және қатаң бақылауда!

 

Жеңіс ҚАСЫМБЕК,

Астана қаласының әкімі