00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Орталық саябақта 4 мыңнан астам астаналық Олимпиада ойындарының ашылуын тікелей эфирде тамашалады

Орталық саябақта 4 мыңнан астам астаналық Олимпиада ойындарының ашылуын тікелей эфирде тамашалады
фото: gov.kz

Кеше Парижде 2024 жылғы XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының ашылуына орай мерекелік іс-шара өтті. Астана әкімдігі мен Jibek Joly телеарнасы ұйымдастырған тікелей эфирді Орталық саябақтан 4 мың астаналық тамашалады, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шараның басты мақсаты – Олимпиада ойындарында ел атынан қатысатын қазақстандық спортшыларды қолдау.

Олимпиада ойындарының ресми ашылуының тікелей көрсетілімі басталғанға дейін отандық эстрада жұлдызы - Халықаралық конкурстардың лауреаттары Ақтоты Болшова, Әкімжан Маженов, Зарина Омарова, ILIAS, сондай-ақ композитор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері және «Құрмет» орденінің иегері Ұлықпан Жолдасовтың қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Елорда тұрғындары үшін ойын-сауық интерактивтері – спорттық іс-шаралар мен викториналар ұйымдастырылды. Ең белсенді қатысушыларға сыйлықтар табысталды.