00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қоғамдық көлікте отырғызу мен түсіру барлық есік арқылы жүргізіледі

Қоғамдық көлікте отырғызу мен түсіру барлық есік арқылы жүргізіледі
Фото: Сұлтан Сейіт

Қоғамдық көлікте отырғызу мен түсіру барлық есік арқылы жүргізіледі

Жолаушыларды тасымалдаудың жаңа ережелеріне сәйкес алдыңғы есік арқылы кіру талаптары реттелмеген, яғни жолаушыларды отырғызу мен түсіру барлық есік арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта бағдарлардағы аудио хабарламалар мен бейнероликтерді өшіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, қоғамдық көлікте жол ақысын төлеу және валидация жасау жолаушының міндеті. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 622-бабының 2-бөлігіне сәйкес төлемнен жалтарғаны үшін 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл көзделген. Бүгінгі таңда айыппұл көлемі – 7 384 теңге.

2023 жылдың қазан айынан бастап елорда тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болу үшін инновациялық шешімдер кезең-кезеңімен енгізілуде. Көлік картасы және QR-код арқылы төлеуден басқа, «Avtobys» мобильді қосымшасымен Bluetooth арнасы арқылы жол жүру ақысын төлеуге де болады. Bluetooth арқылы төлеу смартфонның «Avtobys» қосымшасы арқылы байланыссыз қосылуын көздейді. Бұл әдіс әсіресе автобуста жолаушылар көп болған кезде ыңғайлы төлем тәсілі. Қоғамдық көліктің жылжымалы құрамының негізгі бөлігі (1 242 бірлік) «Avtobys» жүйесіне қосылған.

Қаланың қоғамдық көлік жолаушыларына өз бағытын жоспарлау, жол ақысын төлеу және түрлі төлемдер жасау үшін «Avtobys» мобильді қосымшасын пайдалануды ұсынамыз. Мобильді қосымшаны AppStore, App gallery және Google Play қосымшаларынан жүктеуге болады, - делінген «City Transportation Systems» ЖШС хабарламасында.

Қазіргі уақытта баланстың ескі жүйеден жаңасына көшуі жүріп жатыр. Осыған байланысты жаңа планшеттерде көлік карталарын тану бойынша мәселелер туындауы мүмкін. Олар 2024 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін шешіледі.