00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

МӘМС: Елордалықтарға 100 мыңнан аса стоматологиялық қызмет көрсетілді

29 сәуір, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
МӘМС: Елордалықтарға 100 мыңнан аса стоматологиялық қызмет көрсетілді
фото: ашық дереккөз

Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info. 

Елордада осы жылдың І тоқсанында МӘМС бойынша 368,5 млн.теңге сомасына 104 403 стоматологиялық қызмет көрсетілді.  Астана қаласы бойынша Қормен келісімшартқа отырған 62 медицина ұйымы стоматологиялық көмек көрсетеді, оның 16-сы – мемлекеттік, қалғаны – жекеменшік клиникалар. Стоматологиялық көмек көрсету процесінде еш өзгеріс жоқ, пациенттер   бұрынғыдай медициналық көмек алады. Тек келісімшартқа отыру әдісі, яғни шарт жасасу жағы өзгерді, — дейді Нұрлыбек Қабдықапаров. 

Айта кетейік, бұған дейін стоматологиялық клиникалар өзара шартқа отыру арқылы қосалқы мердігер ретінде медициналық қызмет көрсетті. Енді 1 қаңтардан бастап Қор көрсетілген қызметтер көлемін бақылап, сапасына мониторинг жасау үшін  тікелей осы клиникалармен шартқа отырды.