Ә.Мәмбетов көшесінің бір бөлігі жөндеуге жабылды
6 мамыр, 2024
Елорда ақпарат
Фото: акимат Астаны
Астаналық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ә.Мәмбетов көшесіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты 6-8 мамыр аралығында Ә.Мәмбетов көшесінің Кенесары көшесінен Бұқарбай батыр көшесіне дейінгі бөлігінде қозғалыс толығымен жабылды.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды, сондай-ақ жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз, - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар