Мәңгілік ел даңғылының учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылды
17 маусым, 2024
Салтанат Мұратқызы
Бактыгуль Бурбаева
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Мәңгілік ел даңғылы бойынша Хусейн бен Талал көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі учаскеде жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлады Elorda.info Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Осыған байланысты, 16 маусым мен 1 шілде аралығында жоғарыда аталған учаске ішінара жабылды. Бұл ретте қозғалыс екі бағытта да тараптардың бірі бойынша жүзеге асырылатын болады.
Астана тұрғындары мен қонақтары қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауы қажет.
Ұқсас жаңалықтар