Мәңгілік ел даңғылында жаңа Bus Lane іске қосылады
Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.
«Мәңгілік ел даңғылының бойында Ұлы дала даңғылынан Керей-Жәнібек хандар көшесіне дейінгі бөліктегі екі бағытта Bus Lane іске қосу жоспарлануда. Шамамен шілде айының 10-ына қарай.
Қоғамдық көлік үшін бөлінген жолақты енгізуді әзірлеу кезінде жолдың жүктемесі және көше-жол желісінің техникалық мүмкіндігі ескерілді, - делінген хабарламада.
Мәңгілік ел даңғылы қаланың халық тығыз орналасқан аумағы. Бұл даңғылмен 20 бағдар жүреді. Қаланың басты даңғылының жолаушылар ағыны тәулігіне 88 мың адамды құрайды.
Айта кетейік, бұл қаладағы жиырма сегізінші Bus Lane жолағы болмақ. Қазіргі уақытта көрсетілген учаскеде жолақтарды сызу және жол белгілерін орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.