Мектеп оқушылары медиа саласы қызметкерлерімен кездесті
«Elorda Aqparat» медиахолдингінің «Мектеп және медиасауаттылық» атты жобасы Смағұл Сәдуақасұлы атындағы №78 мектеп-гимназияда жалғасын тапты, деп хабарлады Elorda.info
Астана қалалық Білім басқармасының қолдауымен өтіп жатқан бұл шараға аталған білім орнының әдебиет пен журналистика саласына қызығушлығы бар оқушылар қатысты. Кездесу еркін форматта өтті. «Elorda Aqparat» медиахолдингі директорының орынбасары Рауан Сәбитұлы кездесудің мақсаты мен мән-маңызын түсіндіріп өткеннен кейін кездесу сұрақ-жауап форматына көшті.
Оқушылар қонақтардан ақпарат саласының қызметкері болуға қажетті шарттар мен оқу-жазу қабілетін арттырудың әдістері туралы сұрады. Сондай-ақ отбасы тәрбиесі туралы да тоқталып, ата-аналармен де осындай кездесулер өтсе біздің болашақ мамандықты таңдауымызға үлкен көмегі тиер еді деген өтіншітерін білдірді.
Қалиақбар Үсемхан