00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Мәулен Әшімбаев: Халқымыз қайырымдылықтың озық үлгісін көрсетті

1 наурыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Мәулен Әшімбаев: Халқымыз қайырымдылықтың озық үлгісін көрсетті
Фото: Сенаттың Баспасөз қызметі

Палата спикері Мәулен Әшімбаев қазақстандықтарды құттықтап, Алғыс айту күні достық, адамгершілік, өзара көмек сияқты құндылықтарды дәріптейтінін атап өтті, деп хабарлайды Elorda.info.

Сондай-ақ ол бұл мереке дәстүр мен тарихқа көрсетілген құрметтің жарқын көрінісі екенін айтты.

Қиын-қыстау жылдардың өзінде халқымыз бірлік пен берекені ту етіп, қайырымдылық пен қамқорлықтың озық үлгісін көрсете білді. Алғыс айту күнінде біз осындай тағылымды тарихымызды дәріптейміз. Қазіргі таңда ырыс пен ынтымақты сақтау, бұл құндылықтардың маңызын арттыру айрықша мәнге ие, – деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар Сенат төрағасы әлемде тұрақсыздық белең алған қазіргі кезеңде халықтың заманауи сын-қатерлерге бірлесіп қарсы тұруы, бейбітшілік пен келісімге табан тіреуі және өзара құрмет пен қолдауды насихаттауы маңызды екеніне назар аударды.

bc569f9ccd8441feafa055d0d217f322.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бірлік пен тұрақтылық болмаса, саяси және экономикалық реформаларды іске асыру мүмкін емес екенін үнемі айтып келеді. Біз жаһандық сын-қатерлер мен еліміздегі маңызды өзгерістер кезеңінде өмір сүріп жатырмыз. Осындай сәтте әрқайсымыз бірлік пен жауапкершіліктің қадірін терең түсінгеніміз абзал. Бейбітшілік пен келісімді нығайту жолында жұдырықтай жұмылған жөн. Бұл – Отанымыздың одан әрі өсіп-өркендеуіне және ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге оң ықпалын тигізетін қадам. Осы ретте Алғыс айту күнінің рөлі зор. Алдағы уақытта бірлігіміз бекемделіп, еліміз өрлей берсін, – деді Сенат спикері.

Айта кетейік, іс-шараға Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадыров, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов және этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.