Ұлттық киім киген астаналық жастар арнайы челлендж бастады
18 наурыз, 2024
Елорда ақпарат
Фото: Астана қаласының әкімдігі
Астанада наурызнаманың онкүндігі аясында 18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай Жастар саясаты мәселелері басқармасы елордамыздағы жастар ұйымдарымен бірге Қазақстан халқының Ұлттық киімдерін кеңінен дәріптеу мақсатында челлендж бастады, деп хабарлайды Elorda.info елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазақтың ұлттық киімі – бұл халықтың мәдениеті мен тарихы, оның дәстүрі мен өмір салты. Ол ұлттың жарқын «индикаторы» ретінде өткеннің мәдени-рухани мұрасын сақтауға көмектеседі.
Видео-челленджге бірқатар жастар ұйымы атсалысты.
Ұқсас жаңалықтар