00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ұлттық академиялық кітапханаға жарты жылда келушілер саны 1 миллионнан асты

21 тамыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ұлттық академиялық кітапханаға жарты жылда келушілер саны 1 миллионнан асты

Биыл елордадағы ұлттық академиялық кітапханаға алғашқы жартыжылдықта  1 млн 200 мыңнан астам оқырман келген, деп хабарлады Elorda.info Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі кезде оның оқырмандарының саны 575 мыңға жетті. Ал 56 мыңнан астам адам кітапханаға тұрақты түрде барады. Бұл туралы кітапхана басшысы Ғазиза Нұрғалиева мәлімдеді.  

Басшының айтуынша, кітапхананың KazNEB ақпараттық порталын әлемнің 110 елінен 800 000-ға жуық қолданушы пайдаланады. Қазіргі уақытта порталдың ақпараттық қоры 70 691 құжатты құрайды. 

 Бұдан бөлек, жуырда KazNEB-тің мобильді нұсқасы іске қосылды. Бұл мобильді қосымша ешқандай тіркеуді қажет етпейді, App Store мен  Android-та 24/7 сағат қолжетімді.

 Ал, жалпы кітапхананың кітап қоры - 1 487 105 дана, оның - 588 568-і қазақ тілінде. Сонымен қатар сирек кітаптар, құжаттар мен қолжазбалар қоры – 13 568 бірлікті құрайды.

 Биыл алғашқы жартыжылдықта кітапханамызға 1 млн 200 мыңнан астам адам келді. Оның ішінде кітап алуға, оқу залдарына, мәдени-ғылыми іс-шаралар, экскурсиялар келушілер бар. 2022 жылға кітап беру 1 949 610 құрады, оның 1 299 267 қашықтағы пайдаланушыларға,- деді ҚР МСМ Ұлттық академиялық кітапхананың басшысы Ғазиза Нұрғалиева.