Әлеуметтік көмек тек астаналық түлектерге арналған
27 шілде, 2023
Елорда ақпарат
фото: Астана қаласы әкімдігінен
Елордада ЖОО-на түскісі келетін әлеуметтік осал топтардан шыққан талапкерлерге оқу ақысын төлеу түріндегі әлеуметтік көмекке құжат қабылдау жалғасуда, деп хабарлады Elorda.info.
Бұл туралы Астана қаласы коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Таласова айтты.
Аталған леуметтік көмекке Астана қаласында тіркелген, тұрақты тұратын және қаладағы жалпы білім беретін мектептердің бірін биыл бітірген түлектер құжат тапсыра алады», - деп жауап берді спикер.
Тиісті құжаттар қабылдау мерзімі 21 тамызға дейін жалғасады.
Ұқсас жаңалықтар