00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Әл-Фараби даңғылында жөндеу жұмыстары басталды

14 тамыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Әл-Фараби даңғылында жөндеу жұмыстары басталды
ашық дереккөз

Астанада әл-Фараби даңғылының жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлады Elorda.info.

Осыған байланысты 14-18 тамыз аралығында Ж.Досмұхамедұлы көшесінен А.Пушкин жол айырығына дейінгі учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс ішінара жабылды.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептеліс жағдайларын болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз, - делінген хабарламада.