Конституцияға – 30 жыл: Астанада халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Астанадағы Достық үйінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ассамблея және Конституция: келісім мен тұрақтылық жолы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Астана қаласы ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары Халил Маслов модератолық еткен басқосуға Maqsut Narikbayev University профессорлары, заңгерлер, сондай-ақ қалалық ҚХА қоғамдық құрылымдарының және «Ассамблея жастары» РҚБ мүшелері қатысты.
«Конституция – мемлекеттіліктің іргетасы. Ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бекітіп қана қоймай, жалпы даму бағытымызды айқындап берді. Бүгінгі таңда жастардың осы құндылықтарды сақтаудағы жауапкершілігін сезінуі аса маңызды», - дейді жиынды алғысөзімен ашқан Мәжіліс депутаты Олжас Құспеков.
Астана қаласы ҚХА төрағасының орынбасарлары Халил Маслов пен Наргизам Махмудова, Әлеуметтік инноваторлар қауымдастығының президенті Гүлмира Пармышева, Инклюзивті қоғамды дамыту қауымдастығының вице-президенті Әлия Сәбитова, Re Women Astana қоғамдастығы Сәуле Сағади және елорданың іскер топтары, үкіметтік емес ұйымдары мен этномәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысып, ойларын ортаға салды.
Конференция барысында шығып сөйлеген беделді спикерлер мен сарапшылар тақырып аясында баяндамаларында Қазақстанның өркендеп дамуының кепiлi – Конститyция әрбiр қазақстандықтың құқықтары мен бостандықтарының кепілді қорғанышы екеніне тоқталды.
Сонымен қатар қатысушылар Ата заңымыз – Конституцияның еліміздің құқықтық және демократиялық мемлекет ретінде қалыптасуындағы, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін дамытудағы тарихи рөлі туралы әңгіме өрбітті.