00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Коммуналдық қызметкерлер қала тұрғындарына маңызды үндеу жолдады

17 сәуір, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Коммуналдық қызметкерлер қала тұрғындарына маңызды үндеу жолдады
Фото: Василий Крась

Астанада соңғы күндері ауа райы күрт өзгеріп, қарлы боранға ұласты. Демалыс күндері жауған қар мөлшері бір жарым айлық нормадан асып түсті. Коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Күн сайын қар күреу жұмысына 2,2 мыңнан астам жол жұмысшысы, мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылады. Дегенмен қар күреу жұмысына жол жиектерінде қалған немесе кірме жолдардың жанында ретсіз тұрған машиналар және т.б. кедергі келтіреді. Бұл арнайы техниканың учаскелерден өтуіне және тазалауына кедергі келтіреді.

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары! Біз қаланың қарын мүмкіндігінше тезірек тазарту үшін күшейтілген режимде жұмыс істейміз.

Осы тұста сіздер көліктеріңізді жол жиегіне қалдырмауыңызды, көліктерді дұрыс емес орындарға қоймауыңызды, өзгелердің жолын бөгемеуіңізді сұраймыз, өйткені осы себепті арнайы техника бұл учаскелерді емін-еркін тазалай алмайды. Мұның бәрі қар күреу жұмысын қиындатады және істі баяулатады, – дейді коммуналдық қызметкерлер.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, айлық норма 22 мм болса, Астанада соңғы бірнеше күнде ғана 37,6 мм қар жауды. 17 сәуірге қараған түні елордадан 23 мың текше метрден астам қар шығарылды. Бұл 1 600-ден астам немесе 1 671 қар жүк көлігі. Қыс мезгілінің басынан бері полигондарға 4 миллион текше метрге жуық қар шығарылды.